Әл-Фараби және оның рухани мұрасы

IMG_0420 IMG_0425 IMG_0492 IMG_0513

 

12 наурыз күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Өлке тұлғалары» атты кітапханалық тележоба шеңберінде «Әл-Фараби және оның рухани мұрасы» атты кездесу кеші өткізілді. Кешке  ЕҰУ докторанты, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы- Н.Б.Смағұлов, Қарағанды облыстық ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі архив директоры – Т.Т.Аршабеков,  екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Қарағанды Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің шәкірттері, ҚарМУ-дың тарих факультетінің студенттері және жас кітапханашылар қатысты. Кештің мақсаты қатысушыларды Әл-Фарабидің шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру, өз өлкесіне деген сүйіспеншілік пен патриотизмге тәрбиелеу. Шара барысында кітапханашылар қатысушылардың назарына Әбу Насыр әл-Фараби  туралы слайд, кітап көрмесіне шолу жасады, арнайы шақырылған қонақтар Смағұлов Нұртас Бірлікұлы,  Аршабеков Темірғали Тілеубекұлы Әл-Фараби мен әл-Машани еңбектерін жан-жақты талқылап, баяндады. Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Қарағанды Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің шәкірттері М.Шахановтың «Арман» поэмасынан үзінді көрсетіп, студенттер мен жас кітапханашылар Әл-Фараби өлеңдерін оқыды. Көрермендерге тақырып бойынша викториналық сұрақтар қойылып, кеш соңында Гуманитарлық колледжінің 3-курс студенті Жарболова Жансая  қобызбен күй орындады.

 

 

Leave a Reply