ҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар.

1- 4- 5- 6- 7- 8- 9- 10- 11- 12-

2019 жылдың 16 желтоқсан күні «Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің «Молодежный» Мәдениет үйінде «Тұғырың биік болсын, Тәуелсіздік!» атты мерекелік концерттік бағдарламасы, «Жаңа Майқұдық» Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік концерті, «Теміржолшылар» Мәдениет сарайында «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан!» мерекелік бағдарламасы өтті.

«Молодежный» Мәдениет үйінде «Улыбка», «Росинка» үлгілі хореографиялық би ансамблдері, «Ирбис», «Алтын батыр» би ұжымының мың бұралған бишілері, «Пестрая компания» вокалдық тобының әншілері А.Рахим, А.Батталова, «Молодежный» мәдениет үйінің әншілері Б.Кокиева, Д.Ерденов, М.Алшынбекова өнер көрсетті.

«Жаңа Майқұдық» Мәдениет үйінің әртістері Д.Макшонова, С.Қоңқыш, М.Кәрім, Е.Марат орындауында патриоттық әндер шырқалды.  «Жас толқын» вокалды студиясы бүлдіршіндерінің ,«Шахтерлер» халықтық хоры мен «Надежда» ардагерлер хоры, «Серпер» домбырашылар ансамбілі, «Нұрби» хореографиялық ансамбілі өнерімен көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

«Теміржолшылар» Мәдениет сарайында «Корал» үлгілі ансамблі, шығармашылық ұжымдар, Теміржолшылар Мәдениет сарайының әншілері, «Нур-Асем» хореографиялық ансаблі, Балалар музыкалық мектебінің әншісі Жадыра Какенова мен Бахытова Акпейіл көрермендерді өнерлерімен тәнті етті.

Leave a Reply