Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Асыл бейне» атты шығармашылық кеш

32aa74f6-6fe1-4096-b97a-5d0b819a43d2 (1) 64a5da76-616d-43ac-a63b-402548d4eabd c9b5b097-e75c-4420-bb1c-e73e8228ecd8 f19f150a-53cd-4bd1-9a5b-cec125c8c8c5 PicsArt_11-11-06.05.40 PicsArt_11-11-06.06.57 PicsArt_11-11-06.09.41

 

«Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тіл мәдениетін көтеру, қазақ тарихында өзіндік орны бар дара тұлға, ақиық ақын, көрнекті жазушы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына  орай, ақынның  шығармашылығын дәріптеу мақсатында «Асыл бейне» атты шығармашылық кеш өтті.

Кеш «Фариза мен Мұқағали» театрлық қойылымымен ашылды. Шара барысында ақынның «Жақсы көру», «Достарға» т.б. әндері шырқалып, жырлары оқылды. Шара ҚР-ның мәдениет қайраткері Меруеш Башай, әнші Алмас Құттыбай, Ерқанат Кеңесбек сынды өнер иелерінің әндерімен жалғасты.

Кеш соңында көрермендер бейнероликтен ақын-жазушылардың Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы жайлы айтқан пікірлерін тыңдады.

Leave a Reply