«Теміржолшылар» МС

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЯ
«ДВОРЕЦ КУЛЬТУРЫ ЖЕЛЕЗНОДОРОЖНИКОВ»

zeldor

«ТЕМІРЖОЛШЫЛАР МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
«Теміржолшылар» МС КМҚК Қарағанды қ., М.Мәметова көшесі, 111 мекенжайы бойынша 1937 жылы ашылды.
• Жалпы аумағы — 4764 ш.м.
• Үш қабатты типтік ғимарат.
Ғимарат ішінде:
• 412 орындық көрермендер залы;
• 200 орындық би залы;
• Музей;
• 100 орындық кинозал;
• Гримдеу бөлмесі, костюмдер бөлмесі, хор сыныптары, би залдары, ұжымдардың дайындығына арналған бөлмелер және басқа да қызметтік бөлмелер бар.
620 адам қамтылған 21 үйірме мен ұжымдар жұмыс істейді. 3 ұжымда «Халықтық», 4 ұжымда «Үлгілі» дәрежелері бар.
«Теміржолшылар мәдениет сарайы» Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және ҚР Үкіметінің саясатын қолдай отырып, келесі міндеттерді міндеттейді:
1. Тұрғындардың барлық топтарына арналған концерттік, мерекелік, көпшілік іс-шараларға жалпы қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
2. Аудан тұрғындарын мәдени-ойын-сауық саласындағы қызметтерге тарту;
3. Әр түрлі формалар мен әдістерді қолдана отырып іс-шаралар өткізу;
4. Жастардың бойындағы патриоттық сезімді оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
5. Өткізілетін іс-шараларда ұлттық дәстүрлерді дәріптеу.
«Теміржолшылар» МС көркемөнерпаз ұжымдарының қызметі туралы ақпарат
• «Теміржолшылар» МС мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған әр түрлі іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар, бала бақшаларға, ҰОС ардагерлеріне арналған шаралар, мүгедектер үйінде, әскери бөлімшелерде қайырымдылық бағыттында концерттік бағдарламалар өткізіледі. «Теміржолшылар» МС 21 көркемөнерпаздар ұжымы бар.
• «Магистраль» ардагерлер хорының, «Русские самоцветы» орыс әндері хорының, үрмелі аспаптар оркестрінің ұжымдарына мәдениетіміздің дамуына қосқан үлестері үшін «Халықтық» дәрежесі берілді.
• «Арғынғазы» үлгілі домбырашылар ансмаблі, «Коралл» үлгілі би ұжымы, «Мальвина» үлгілі қуыршақтар театры, «Экспромт» би ұжымы, «Улыбка» вокалдық-эстрадалық тобы жыл сайын облыстық, қалалық фестивальдер мен конкурстарға қатысып отырады.
• Көркемөнерпаздар ұжымы шығармашылық жоспарға сәйкес жан-жақты жұмыстар атқарып, көптеген марапаттар мен сыйлықтарға ие болды.
• «Теміржолшылар» МС ҚР Президентінің «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасын, тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, ҚР мәдени мұра бағдарламасын, нашақорлықпен және наркобизнеспен күрес жөніндегі аймақтық бағдарламаларын жүзеге асыру және орындау бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда.
• Мемлекеттік тілді дамыту және қолдану мақсатында мәдени-көпшілік шаралар мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі.

mykanov

«ТЕМІРЖОЛШЫЛАР МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Директор: Муканов Серик Бейсембаевич, 28.08.1960 жылы туылған, білімі – жоғары/ Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. «Теміржолшылар» МС 1998 жылдан бастап қызмет етеді, 2007 жылдан бастап директор лауазымында.