«Алаштың ардақты ұлы» атты танымдық сағат

IMG-20200121-WA0018 IMG-20200121-WA0020 IMG-20200121-WA0021

 

№31 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері жастарды мәдениет меценаты Мұхамедхан Сейтқұлов туралы әдебиеттерді оқуға тарту мақсатында Тау-кен индустриалды колледжінің 1 курс студенттері үшін М.Сейтқұловтың 150 жылдығына арналған «Алаштың ардақты ұлы» атты танымдық сағат өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар М.Сейтқұлов өмірінен қызықты деректер, мерзімді басылымдар, Алаш қайраткерінің өз үйінде М.О.Әуезовке «Еңлік-Кебек» және «Қаракөз» пьесаларының алғашқы дайындықтарын өткізуге мүмкіндік бергені жайлы ақпаратпен танысты.

Тау-кен индустриалды колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Фарида Рашидқызы Мухамедхановтар отбасының өмірі мен олардың «Алаш» партиясындағы қызметі туралы әңгімеледі.

Leave a Reply